Site icon KAZAKBOL

Адвокат Омарова «Халықаралық батыл әйелдер» сыйлығын алды

Қазақстандық адвокат Айман Омарова «Халықаралық батыл әйелдер» (International Women of Courage Awards-2018) сыйлығын иеленді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайты хабарлады.

Марапатты АҚШ үкіметі тағайындаған. Сыйлықты тапсыру 21 наурызда Вашингтонда өтуі керек еді. Бірақ АҚШ-та ауа райының күрт суытуына байланысты рәсім 23 наурызға ауыстырылды.

Сыйлықты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Салливан мен АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамп табыстайды.

Айман Омарова Қазақстанның Жамбыл облысында туған. Ол әйел және бала зорлау, түрмеде қысым жасау істері бойынша көптеген істе қорғаушы болған. Қазақстандағы #НеМолчи.KZ қозғалысын құрған.

«Халықаралық батыл әйелдер» сыйлығы осымен 12-рет табысталмақ. Омаровадан бөлек бұл сыйлықты биыл Мавритания, Руанда, Косово, Таиланд, Ирак, Ауғанстан, Гондурас, Италия елінің әйелдері алады.

centralasian.org

Exit mobile version