Site icon KAZAKBOL

Ахмад Масуд тәліптермен келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізді

Сторонники Масуда. Снимок сделан в Панджшерском ущелье (архив)

Ауғанстанның Ұлттық қарсылық майданы жетекшісі Ахмад Масуд Facebook парақшасына қақтығысты тоқтату үшін келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізді.

«Бейбітшілік орнату үшін Ұлттық қарсылық майданы белгілі бір шарттар орындалғанда соғысты тоқтатуға дайын», — деп Ахмад Масудтың сөзіне сілтеме жасап хабарлайды Reuters.

Осыған дейін «Талибан» қозғалысы Панджшер астанасы Базаракқа кіргенін жариялаған.

Ауған басылымдары ислам ақсақалдар кеңесі «Талибан» өкілдерін келіссөз арқылы Панджшердағы соғысты тоқтатуға шақырды деп жазған.

Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Амрулла Салех өзінің видео үндеуінде Ұлттық майданның жағдайы қиын екенін, бірақ соңына дейін күресетінін жеткізген.

Источник

Exit mobile version