Site icon KAZAKBOL

Air Products Өзбекстанға 1 млрд доллар инвестиция құяды

Америкалық Air Products компаниясы Өзбекстанның Қашқадария облысы Гузар ауданында табиғи газды өндіру зауытын дамыту үшін 1 млрд доллар бөледі. Бұл жөнінде Өзбекстанның инвестиция, өндіріс және сауда министрлігі хабарлады.

«Өзбекмұнайгаз» ұлттық компаниясы мен Air Products компаниясы арасындағы келісімге Ташкентте 25 мамырда қол қойылды. Uzbekistan GTL кешені синтетикалық отын өндіру бойынша әлемде бесінші орында тұр. Бұл 2021 жылы ашылған болатын.

«Бұл келісім тұрғындардың сұранысының өсуіне орай сапалы әрі арзан бағада отын өндіруге септігін тигізеді. Біз ұзақмерзімді әріптестік жасаймыз деп үміттенеміз», — деді Air Products директоры Сейфи Гасем.

2021 жылдың қазан айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Жызақ облысына барған сапарында Гузар ауданында табиғи газды сұйық отынға өндіретін зауыт салынғанын, оған 3,6 млрд доллар бөлінгенін мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version