Site icon KAZAKBOL

Алғаш рет ана атанған отандық әншіге күйеуі қымбат көлік сыйлады (фото)

Айдана Шәріпхан. Фото: Instagram

Алуа Қонарова продюсерлік еткен «Аюми» тобының экс – әншісі Айдана Шәріпхан тұңғыш сәбиін өмірге әкеліп, бүгін перзетханадан шықты. Ұлды болған әншінің күйеуі жарына алғыс ретінде қымбат көлік сыйға тартқан деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Оңай болды деп айта алмаймын. Бірақ, бақыттымын. Қасымда менің енем болды, мамам болды және жолдасым болды»,-дейді әнші.

Ізбасарын асыға тосқан жұбайы, тек рухани демеу білдірумен ғана шектеліп қалған жоқ. Айданаға алғысын темір тұлпар тарту етуімен білдірді.
әншінің жары сыйлаған көлік. Скриншот: Видеодан

әншінің жары сыйлаған көлік. Скриншот: Видеодан

 

«Біздің жанұяда өмірге келген сәбилердің бәрінің атын қоятын жалғыз адам ол – әкем. Үлкен ағамның Иса есімді ұлына ұқсатып– Мұса деп атады. Біз келістік»,-дейді әншінің жары Әнуар Мәлік.

Айта кететіні, бала күтімімен біраз уақыт үйде отырған соң Айдана жеке әнші ретінде сахнаға қайта оралуға ниетті. Әншінің бизнесмен жұбайы шығармашылығын қаржылай қолдауды көздейді.

Exit mobile version