Site icon KAZAKBOL

Александр Винокуровтың басы дауға қалды

Қос спортшы 2010 жылы Льеж-Бастонь-Льеж жарысында жеңісті саудалаған.

Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров пен ресейлік әріптесі Александр Колобневті Бельгия соты айыптап отыр, — деп хабарлайды Хабар 24.

Льеж қаласында өтетін сот отырысы алдағы жылдың 13 наурызына жоспарланған. Айыптаушылардың пікірінше, қос спортшы 2010 жылы Льеж-Бастонь-Льеж жарысында жеңісті саудалаған. Яғни мәре сызығын бірінші болып кесіп өту үшін Винокуров Колобневке 150 мың еуро берген. Дегенмен қос спортшы да өздеріне тағылған айыпты мойындамайды. Егер алдағы сот отырысында велошабандоздардың сөз байласқаны дәлелденсе, спортшылар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін және 350 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді.

Exit mobile version