Site icon KAZAKBOL

Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұл хабарды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желі арқылы таратты.

Бұл ақпаратта Алексей Цойдың қызметінен не себепті босатылғаны айтылмаған. Цойды бұл қызметке Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы маусым айында, коронавирус індеті күшейген кезде тағайындаған.

Алексей Цой 2014 жылдан бері денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Қазақстан президенті іс басқармасының медицина орталығының жетекшісі қызметтерін атқарған.

Алексей Цойға дейін денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов «бюджет қаржысын талан-таражға салды» деге күдікке ілініп, үйқамаққа алынған.

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты оның үйқамақ мерзімін бірнеше рет ұзартты.

Источник

Exit mobile version