Site icon KAZAKBOL

Alibaba негізін қалаған Джек Ма Қытайға қайтып барды

Alibaba негізін қалаушы Джек Ма бір жылға жуық шетелде жүргеннен кейін Қытайға қайтып барған. Бұл жөнінде The Wall Street Journal дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда, бір жылдан астам уақытын Жапонияда өткізген Ма Қытайға бірнеше күн бұрын қайтып барған.

Дүйсенбіде Джек Ма Alibaba бойынша әріптестерімен 2017 жылы негізін қалаған Ханчшоу қаласындағы мектепке барды. Ол мұғалімдермен кездесіп, ChatGPT секілді жасанды интеллект технологияларының білім беру жүйесін талқылаған.

Былтыр қараша айында Financial Times басылымы Джек Ма Қытайдан қашып, Токиодо тұрып жатқанын хабарлаған. Ол 2020 жылы Шанхайдағы ірі экономикалық жиында Қытайдың нарықты реттеу мекемелерін сынға алып сөйлеген.

Көп өтпей Қытай билігі миллиардер Джек Ма негізін қалаған Alibaba корпорациясына 2,8 миллиард доллар айыппұл салған. Бұл Қытай тарихындағы ең көлемді айыппұл.

Ма — Қытайдағы ең бай адамдардың бірі. Forbes журналы оның байлығын 65,5 миллиард долларға бағалаған.

Источник

Exit mobile version