Site icon KAZAKBOL

Алматы мәслихатындағы «Аманат» депутаты Башинскаяның Украина президентіне «кеңесі» реакция тудырды

Алматы қалалық мәслихатына «Аманат» партиясы арқылы өткен депутат Анна Башинская «Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасау жөнінде кеңес берді» деп жазады ҚазТАГ телеграф агенттігі.

Агенттік жазуына қарағанда, депутат Башинская Deutsche Welle басылымының Фейсбук парақшасындағы пост астына «Зеленский мырза, дұрысы Түркия! Ол жақта жыл бойы жылы» («Лучше в Турцию, господин Зеленский! Там тепло круглый год») деген пікір қалдырған.

«Deutsche Welle басылымының материалында Зеленский Украина қарсы шабуылға шығып, Ресей басып алған жерлерді, соның ішінде Қырымды да қайтарып алатыны сөз болған. Президент Зеленский сұқбатында Украина шабуылының нәижесі Батыстың Киевке қаруды қаншалықты беретініне де байланысты екені айтылған. Әйтпесе соғыс ондаған жылға дейін де созылуы мүмкін екенін айтқан»- деп жазады ҚазТАГ.

Башинскаяның Зеленскийге «кеңесі» әлеуметтік желіде алуан түрлі пікірді көбейткен. Желі қолданушылардың кейбірі Башинская сөзі үшін «Аманат» партиясы жауап беріп, депутатқа шара қолдануға тиіс деп жазған.

Көп ұзамай Анна Башинскаяның өзі Фейсбук әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жұртышылыққа жауап беріп, Украина президентінің мәлімдемесіне пікірін ойланбай жазғанын айтып, кешірім сұраған.

«Украина мен Ресей халқына тек қана бейбітшілік тілеймін. Кешіріңіздер, бұл менің қателігім. Бұл жайтқа пікір жазуға құқығым жоқ, біздің өз еліміз бар, мен депутат ретінде әуелі өз елімнің игілігін ойлауға тиіспін», — деп жазған.

Анна Башинская кешірімді өзінің партияластарынан да сұраған. «Аманат» партиясы Башискаяның Зеленскийге кеңесі туралы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Украина президент Владимир Зеленский Финляндия, Швеция, Дания және Норвегия журналистеріне берген үлкен сұқбатында Украинаның шабуылға шығып, Ресей басып алған жерлерді азат ететініне сенімді екенін мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version