Site icon KAZAKBOL

Алматы облысында әкімдік пен полиция ғимаратын басып алмақ болды деген 11 адам ұсталды

Алматы облысының полициясы Қаңтар оқиғасы кезінде облыстық әкімдік пен полиция ғимаратын басып алмақ болды деген күдікпен 11 адамның ұсталғанын хабарлады.

Полиция мәліметі бойынша, 20-39 жас аралығындағы күдіктілерді полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері «облыстың түрлі аймақтарынан» ұстаған.

Күдіктілерден атыс қаруы, қорғаныс құралдары және оқ-дәрі тәркіленген. «Тәркіленген қару-жарақ пен мүлік қалалық және облыстық полиция ғимараттарына шабуыл кезінде ұрланған» делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция мәліметі бойынша, күдіктілердің үстінен «Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша іс қозғалған.

Ақпанда бас прокуратура Алматы және Жамбыл облыстарындағы полиция департаменттерінің қызметкерлері Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған ғимараттардан кетіп қалғанын айтқан. Мекеменің мәліметі бойынша, соның кесірінен 1,5 мыңға жуық қару қолды болған.

Источник

Exit mobile version