Site icon KAZAKBOL

Алматы марафоны үш таңдалған мекемеде қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыра бастады

Алматы марафоны үш таңдалған мекемеде қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыра бастады

Алматы марафоны 2018 қорытындысы бойынша қайырымдылық мақсатты жүзеге асыру аясында балаларға арналған үш арнайы мекемеде спорттық нысандар құрылысы басталды. Оқу жылы басталғанда балалар жаңа спорт алаңдары мен әрқайсысының қажеттіліктеріне бейімделген жаттығу құрылғыларын пайдалана алады. Жалпы алғанда, биыл үш нысанға 16 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

«Алматы марафоны» қайырымдылық көрсететін нысандар тізімі:

 

Мектеп-интернаттар мен хоспистің сұрауы бойынша олардың аумағында балаларға арналған ойын алаңы, футбол алаңы салынып, спорттық жабдық сатып алынып жатыр. Ауру дертке қарамастан бұл балалар үшін спорт – тек хобби ғана емес, сонымен бірге денсаулықты қайта қалпына келтіруге, сақтауға берілген мүмкіндік, өмірлерінің күрделі жағдайларына үйрену мен бейімделу тәсілі. Мысалы, балалар хосписінде емделушілер жыл сайын Мәскеудегі дүниежүзілік жеңіпаздар ойындарына барады. Бұл спорттық шараларға онкологиялық ауруларға шалдыққан балалар қатысады. 6 жыл ішінде Алматы марафоны командасы мүмкіндігі шектеулі балаларға айықтыру мақсатында балалар спортын қолдайтын 11 ірі жобаны жүзеге асырды.

— «Алматы Марафоны тек жүгіру жарысы емес, сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар жобаға айналды. Көптеген қатысушылар көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге құлшына кіріседі. Құрылыс және сатып алу үрдісін өзіміз қадағалаймыз. Бізге балалардың ең жақсы алаңдарға, өздерін бір сәт болса да сау, бақытты өмірге жақындататын жабдықтарға қол жеткізуін қалаймыз. Өз қашықтықтарын еңсерген қатысушылар, серіктес-компаниялар, еріктілер, Алматф марафоны командасы – бұлардың барлығы  осы үлкен қайырымды іске үлес қосты!», -деп түйіндеді «Алматы марафоны» директоры Салтанат Қазыбаева.

 Келесі Алматы марафоны 2019 жылғы 21 сәуірде өтеді. Жыл бойы әркім маусымдық жүгіру жарыстарына қатыса алады. Бұл шаралардың ең таяудағысы – Жазғы жүгіру жарысы 1 айдан аз уақыттан кейін шілденің 14-де өтеді. Ал, әркез ширақ болып, жүгіру техникасын жақсарта түсуді қалайтындар үшін әр сенбі сайын сағат 10.00-де Тұңғыш Президент саябағында ақысыз ашық жаттықтыру сабақтары өтеді.

Қосымша мәлімет үшін:

Халықаралық қайырымдылық «Алматы марафоны» ұйымдастырушысы «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік Қорының PR-менеджері Лидия Сагановская.  

+7 (727) 341-07-31, +7 (701) 705-15-00, prmanager@almaty-marathon.kz

 

Exit mobile version