Site icon KAZAKBOL

Алматы облысында табылған ағайынды үш жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Алматы облысында өлі табылған ағайынды үш жігіттің өліміне қатысты тың деректер пайда болды деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алматы облысы Жамбыл ауданында жоғалып кеткен үш жігітті қылмыскерлер өлтіріп, құмға көміп көміп кеткен. Олардың өлі денесі Ұзынағаштан 200 шақырым жерден табылды.

Жоғалған ағайындыларды өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталған.

Мал саудасымен айналысатын Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Қадылбек Әлімхан есімді азаматтар өткен жексенбіде жоғалып кеткен. Кеше бұл азаматтардың өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат пайда болған. Үш азаматты іздеуге атсалысқан еріктілер тобы Жамбыл аудандық ІІБ алдына жиналып, полицейлер бұл хабарды марқұм болған ағайындылардың туыстарына естірткен.

«Бүгін таңертең бірнеше жүз адам аудандық полиция бөліміне жиналдық, содан түске қарай полиция басшылары олардың сүйектерін осыдан 200 шақырымдай жерден тапқандарын естіртті», — дейді жоғалған кісілердің туысы Адал Зарлыхан.

Жан түршігерлік қайғылы оқиғаға байланысты Алматы облысы прокурорының орынбасары Саят Бәкіров Жамбыл ауданына арнайы келген. Ол тергеу шараларын өз бақылауына алды.

Естеріңізге салсақ, марқұмдардың артында әрқайсысының бала-шағасы, қарт ата-анасы қалған.

Exit mobile version