Алматы – Ташкент тас жолында жолаушы автобусы оқпен атқыланды. Шымкент полициясы Түркістан облысының бірнеше тұрғынын ұстады.
Шымкенттің ішкі істер департаменті бұл оқиға 5 қараша, дүйсенбі күні болғанын хабарлады.
Түркістан облысының автокөлікке мінген бірнеше тұрғыны жолда қатарлас келе жатқан жолаушы автобусын жарақаттайтын тапаншамен атқан.
Күдіктілер артынша ұсталды. Қазір оларға қарсы «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық тергеу басталды.
Полиция ұсталғандар жарақаттайтын тапаншаны қайдан алғанын анықтайтын. Қарудың бұл түрі бірнеше жыл бұрын айналымнан шығарылған. Оны күзет компаниясының қызметкерлері ғана ұстай алады.