Site icon KAZAKBOL

Алматыда көлік үстіне жатып алып, алаңсыз қыдырған тұрғын елді өзіне қаратты (ВИДЕО)

Алматыда көлік үстіне жатып алып қаланы аралаған ер кісі жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды NewTimes.kzақпараттық агенттігі.

Желіде белгісіз ер азаматтың ерсі әрекетінің видеосы пайда болды. Онда оның көліктің үстіне жатып алғанын байқауға болады.

Мұны әлдекімдер бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтті пайдаланып, видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген. Желідегілердің жазуы бойынша, бұл Абай мен Байтұрсынов қиылыстарында болған жағдай екен және көлік ішінде құрылыс заттары толы болғандықтан ер кісінің темір тұлпардың үстіне шығуына тура келіпті.

Exit mobile version