Site icon KAZAKBOL

Алматыда әскери жүк көлігі көшенің қақ ортасында өртеніп кетті (видео)

Вдеодан алынған кадр

Алматыда әскери жүк көлігі көшенің қақ ортасында өртеніп кетті деп хабарлайды NUR.KZ 

Редакцияға хабарласқан куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Розыбакиев пен Шевченко көшелерінің қиылысында орын алған.

Видеодан жолда жүріп келе жатқан әскери жүк көлігінің қызыл жалынға оранғанын байқауға болады.

Көліктің ішінде сарбаздар бар-жоғы әзірге белгісіз. NUR.KZ тілшілері аталмыш жайттың мән-жайын анықтау үстінде.

 

Exit mobile version