Осы сенбі күні, 18 тамызда Алматыда «Tour of World Class Almaty» мерейтойлық бесінші веложарысы өтеді. Сөреге мыңдаған велоәуесқой жиналмақ. Спортшылар 14 км, 34 км және 57 км қашықтықтың біреуін еңсереді.
Спортшылар дәстүр бойынша Розыбакиев көшесінде орналасқан «Mega Alma-Ata» ОСО сөреге шығады. 12 жастан бастап 17 жасқа дейінгі қатысушылар үшін ең қысқа қашықтық – 14 км қарастырылған. Бағыт Розыбакиев көшесі мен Әл-Фараби даңғылы болмақ.
18 жастағы және одан үлкен қатысушылар үшін 34 км және 57 км қашықтықтар қарастырылған. Бағытқа енгізілген негізгі көшелер: Розыбакиев көшесі, Әл-Фараби көшесі, Сайын көшесі. 57 км қашықтыққа шығатын велосипедшілер осыдан кейін Момышұлы және Ақ-Қайнар көшелеріне (АвтоХҚО жаққа қарай) шығады. Жолдардың жабылу жоспары мен сызбалары жарыс алдында жария етіледі.
Сөреге тас жол және тау (МТВ) велосипедтеріне мінген қатысушылар жіберіледі. Жеңіпаздар өз жас санатына сай марапатталады.
Бірінші болып 14 км шақырым қашықтық жарысына қатысушылары таңғы сағат 8.00-де сөреге шығады. 9.00 мен 9.05-те 57 км және 24 км қашықтық жарысына қатысатын велосипедшілер шығады.
Сөре жарнасы:
57 км жарысқа қатысатындар үшін – 6000 тенге;
34 км жарысқа қатысатындар үшін — 5000 тенге;
14 км жарысқа қатысатындар үшін – 2000 тенге.
Қатысуға тіркелу мен төлеу http://www.almaty-marathon.kz/ru/ сайтында 19 шілдеде ашылып, 2018 жылдың 16 тамызына дейін жалғасады.
Жарыстың ұйымдастырушылары – «Бірінші болу батылдылық» корпоративті қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және Алматы қаласының әкімдігі.