Site icon KAZAKBOL

Алматыда жартылай марафон кезінде жас жігіт қайтыс болды

Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған күзгі жартылай марафон жарысы кезінде оған қатысушы 18 жастағы астаналық жігіт қайтыс болды деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Таныстарының айтуынша, Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университетінің Алматыдағы филиалында оқитын 18 жастағы Максим Королевтің «күрес және әскери самбодан спорт шеберлігіне кандидат» атағы болған, ол қалалық спартакиадада жүгіруден жүлделі орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, жексенбі күні Алматыдағы Абай көшесі бойымен жүгіріп бара жатқан жас жігіт мәреге бір кварталдай қалғанда өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келіп жеткеннен кейін үш минуттан соң ол қайтыс болған. Дәрігерлер жігіттің қазасының себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады деп хабарлаған.

Алматыдағы күзгі жартылай марафонды «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған.

centralasian.org

Exit mobile version