Site icon KAZAKBOL

Алты адам қаза тапқан «Almaty towers» ғимаратындағы өртке қатысты жаңа деректер пайда болды

Скриншот: Ктк арнасы

Алматыда алты адамның өмірін жалмаған  «Almaty towers» ғимаратындағы өртке қатысты жаңа деректер пайда болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Отқа оранған «Алматы тауерс» ғимаратының өртке қарсы бірде бір жүйесі істемеген. Әрі апаттық жағдайдағы шығар есігі де жабық болыпты. Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасылардың адвокаты бүгін осындай мәлімдеме жасады.

Сөзіне дәлел ретінде сол жердегі жұмысшылар түсірген таспаны да көрсетті. Қайғылы оқиға өткен жылы 6-қарашада болған еді. Сол кезде тілсіз жау жалданып жұмыс істеп жүрген 5 студент пен тағы бір дәнекерлеушінің өмірін қиған еді.

Қос мұнаралы бизнес орталығының қосалқы бөлігінің шатыры отқа оранғанда 1800 шаршы метр аумақтың күлі көкке ұшқан. Сот төтенше жағдайдың құрбаны болған дәнекерлеуші мен 5 студентке қатысты енді тың дәйек шығып отыр.

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасылардың адвокаты ғимаратта өртке қарсы жүйе іске қосылмаған деген сөзін бейнежазбамен дәлелдемек болды. Оны дәл сол күні тренинг өткізіп жатқан батут орталығының қызметкерлері түсіріпті.

Тергеу шараларына байланысты біраз уақыт ешкімді жолатпай қойған ғимараттың шатырында қазір жағдай өзгерген. Мұндағы жұмысшылар шамамен бір ай бұрын ғана құрылысты қайта бастап кетіпті.

Exit mobile version