Site icon KAZAKBOL

Алтынай Жорабаева өзін «ажырасқалы құтырып кетті»дейтіндерге жауап берді

Алтынай Жорабаева. Фото: Интернет желісінен

Жұбайымен ажырасқалы бері Алтынай Жорабаеваның желіге жүктеген әр постына жағымсыз пікір жазатын оқырмандары әншіні шаршатқан. Жорабаева өзін: «қайта-қайта шошаңдап шыға береді» деп сынаған желі қолданушыларына жауап берді деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Көбінесе: «Алтынай ажырасқалы құтырып кетіпті» немесе «кейінгі кезде шошаңдап кетіпті» дейді. Ал көңілің түсіп қалса бәрі сені аяп, «ниже плинтуса» болып кетесің. Менің ондай болғым келмейді»,-деді ол.

Желідегі парақшасында шығармашылығындағы ақпараттарды ғана бөлісіп, салауатты өмір салтын насихат ететін әнші: «Жиі жазба шығармауымның жанұямдағы келеңсіз жайтқа қатысы жоқ» дейді.

«Айналаңның барлығын ол негативпен жараландыра беруге болмайды деп ойлаймын. Сондықтан мені қалай қабылдағылары келсе де ол тыңдармандардың өз еріктерінде. Мен ешкімді өзгертуге тырыспаймын. Қалай бармын, солай қабылдау керек деп ойлаймын. Ең алдымен мен —әйелмін, анамын және өнер адамымын»,-деді әнші.

Бүгіңде төрт қыздың анасында 1 миллион 500 мың оқырмандық аудитория бар. Ал, жеке басына тіл тигізіп, жағымсыз пікір жазатын желі қолданушыларының қисынсыз қылығын Жорабаева былайша жориды.

«Мен оған қызық емес болсам, ол менің парақшама кірмейді. Демек мен қызық болып тұрмын. Ол адамның көңіл-күйі дөп келіп қалғандықтан, ұнамай қалатын шығармын. «Неге бұның көңілі күшті болып тұр, неге менікі төмен?» деп ішіндегі ашуын маған жаза салады»,-деді әнші.

Exit mobile version