Қара құрдым. Көрнекі фото: ru.tsn.ua
Олар 15 мамыр күні аяқталған Үлкен адрондық коллайдер атты құрылғының сынақтары бүкіл Жер шарын жұтып қоюы мүмкін қара құрдымды тудырады деп қорқып отыр.
Атомдық бөлшектерді жылдамдатуды көздейтін құрылғы осындай ауыр салдарға әкеліп соқтырады деп сенетіндерге өзге ғалымдар келіспеушілік білдіруде. Олар керісінше бұл сынақтар ғылым саласында зор ілгерілеуге септік боларын алға тартты.
Дегенмен бірқатар ғалымдар коллайдер әлемді жоймаса да, тылсым күштер мен қара күш иелерінің біздің әлемімізге енуіне қақпа ашатынын болжап отыр.
Британиялық астрофизик Стивен Хокинг бұған дейін сынақ жүргізіп жатқан ғалымдарға мироскопиялық қара құрдымды тудыруы мүмкін екендерін ескертумен болған. Болжамының расталатынын тағатсыз күтіп отырған Хокинг осылайша физикадан Нобель сыйлығына ие болатынын айтып, әзілдеді.