Site icon KAZAKBOL

АЛЫС АУДАНДАРДА ДА КИНОТЕАТР АШЫЛАДЫ

Алдағы уақытта елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Алматыда өткен Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының жиынында мәлім болды. Осылайша еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрңындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Өткен жылы еліміздің кинотеатрларына 350 туынды прокатқа шығыпты. Қуантарлығы оның 50-ге жуығы отандық мамандардың туындысы екен. Алайда қазақстанда түсірілген картиналар кеткен шығынды ақтау үшін кинозалдар қатары көп болу керек екен. Кеңес заманында елімізде 12 мың кино көрсететін орын болса, бүгінде оның саны 400 жетпейді.

ГҮЛНАР СӘРСЕНОВА, «ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
«Бізде арнайы киноландыру бағдарламасы болады. Қазір біз соны ойластырудамыз. Яғни кинотеатрлар санын арттыруды көздеп отырмыз. Ол бізге ауадай қажет. Көптеген облыс орталықтары мен қалаларда кинотеат түгілі кинозалдар жоқ. Осы бағдарламаны дамытуымыз қажет. Мемлекеттен де бізге ішінара көмектесуді сұраймыз».

«Ұлттық киноны мемлекетік қолдау» орталығы продюсерлік компанияларға кино түсіруге қолдау көрсетумен қатар, оны еліміз бен әлемдік нарыққа да шығаруға қол ұшын бермек ниетте. Қазіргі таңда киноөндірістің айналымы 20 миллиард теңгеге жеткен. Бірақ оның 50 пайызын прокатқа шығаурушылар алса, қалған қаржының 35 пайызы салыққа кетеді екен.

ОЛЖАБАЙ МҰСАБЕКОВ, , «ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Қазір ұлттық болса онда салықтан босатылады. Сонда прокатқа да жақсы 50 пайызын алады және продюсерлерге де жақсы 50 пайызын алады. Сонда қазақтың киносын прокатчиктер көбірек жібереді».

Ұлттық кино санатына енгізілу үшін ұсынылған сценарилер сарапшылар талқысынан өтуі тиіс. Алайда ондағы мамандардың басым бөлігі мемлекеттік тілді білмейтіндіктен амалсыз қазақша жазылған сценарилер орысша шала аударылады екен. Ол өзінің құнын жоғалтуы мүмкін, дейді көркемдік кеңес мүшесі.

ЕРМЕК ТҰРСЫНОВ, РЕЖИССЕР, КӨРКЕМДІК КЕҢЕС МҮШЕСІ:
«Біреулердің қаражаты бар, біреулердің жағдайы болмай қалады. Содан кейін сапасы өте төмен орыс тілінде жазылған сценарий болып қалады да. Оның құндылығы жоғалып қалады. Әрине қалған осы ұжымның мүшелері осы шығарманы жетпеген орысша».

Ұлттық киноны қолдап, отандық туындыларды әлемдік раныққа шығару арқылы елімізді әлемге таныту көзделуде. Ол үшін түсірілетін туынды ұлттық деген мәртебеге сай болу керек дейді кино майталмандары.

Первый канал Евразия

Exit mobile version