Site icon KAZAKBOL

Американың Кентукки штатында алапат құйын – торнадодан кемі 100 адам өлген

Биліктің қазіргі болжамдарына қарағанда Американың Кентукки штатындағы торнадодан кемі 100 адам қаза болған.

Кентукки губернаторы Энди Бешир бұл жолы штат тарихындағы ең алапат торнады болды деп мәлімдеді.

«Бұл ештеңеге ұқсамайтын апат болды, көргенімді сөзбен жеткізе алмай отырмын,-деді, – Бешир баспасөз конференциясында. – Кентуккиде 100-ден аса адам қаза тапқан болуы мүмкін».

Кентуккидегі стихиялы апатта бәрінен бұрын Грейвс окургі мен оның әкімшілік орталығы Мейфилд зардап шеккен. Алапат дауыл Хопкинс округінде пойызды рельстен шығарып жіберген.

Қанша адамның үйінді астында қалғаны әзірге белгісіз, жергілікті құтқарушылардың Facebook әлеуметтік желісіне жазғанына қарағанда зардап шеккендер әлі де көп.

АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметі бірнеше штатта, соның ішінде Арканзас, Теннесси, Миссури және Иллинойс штаттарында торнадо болатыны жайлы ескерткен.

Зардап шеккендерді іздестіру мен қалпына келтіру жұмыстарына Ұлттық гвардияның 189 қызметкері тартыды деп хабарлайды губернатор. АҚШ президенті Джо Байден Кентукки штатында төтенше жағдай жариялады.

Источник

Exit mobile version