Алғашқы орта салмақтағы экс-чемпион британиялық боксшы Амир Хан өзінің бұрынғы қарсыласы Сауль «Канело» Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы қарымта кездесу туралы пікірін айтты.
5 мамырда Головкин мен Альварес алғашқы жекпе-жегін өкізген Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасады. «Бұл тамаша қарымта кездесу болады. Алғашқы жекпе-жектері де жақсы өті.
Бұл жолғы жұдырықтасу одан да күштірек болмақ деген ойдамын. Бокс үшін жақсы кеш болғалы тұр, өйткені жанкүйерлер осындай жекпе-жектерді тамашалығысы келеді. Жанкүйерлерге осындай жұдырықтасулар көрсету қажет. Осы жолы «Канело» жеңеді деп ойлаймын», — дейді Амир Хан Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.
Алайда үш салмақ дәрежесінде чемпион болған америкалық Шейн Мозли бұл кездесу жеңімпазы туралы пікірі басқа. Оның айтуынша, алғашқы жекпе-жекте Головкин жеңген және бұл жолы да сол жетістігін қайталайды.