Site icon KAZAKBOL

Amnesty International: 2022 жылы әлемде 883 өлім жазасы орындалған

Халықаралық Amnesty International адам құқықтарын қорғау ұйымы былтыр әлемнің түрлі елдерінде 883 өлім жазасы орындалғанын хабарлады.

Ұйымның жылдағы баяндамасы 16 мамырда жарияланды.

Мәліметке Қытайда өлім жазасына кесілген «мыңдаған адам» туралы дерек кірмеген, өйткені бұл ел өлім жазасының орындалғаны туралы статистиканы құпия ұстайды.

Сауд Арабиясында былтыр бір күнде ғана 81 адамға шығарылған ең жоғарғы үкім орындалған. Ұйым баяндамасында мұндай жағдай «ақылға қонымсыз» деп сипатталған.

Өлім жазасына кесу көрсеткіші жағынан Қытай алда келеді. Екінші орындағы Иранда былтыр өлім жазасына кесілген 576 адамның жазасы орындалған. Үшінші орында Сауд Арабиясы (196 адам). Одан кейінгі орындарда Египет (24 адам) пен АҚШ (18 адам) тұр.

Өлім жазасы Солтүстік Корея мен Вьетнамда да жиі қолданылады, бірақ бұл елдер де Қытай секілді өлім статистикасын құпия жүргізеді.

Источник

Exit mobile version