Site icon KAZAKBOL

Анасын ерекше қадірлейтін азамат әлем назарына ілікті (фото)

Қытайдың ғаламтор ресурстарында көшеде кәрі анасын көтеріп жүрген азаматтың суреті кең таралуда. Чжэцзян провинциясының 51 жастағы тұрғыны Чжан Юнканның 82-дегі анасын көтеріп алып, серуендетіп жүрген сәтін кездейсоқ жүргіншілер суретке түсіріп алған деп жазады reactor.inform.kz.

Азамат анасымен бірге. Фото: reactor.inform.kz

Чжанның анасы 2014 жылдан бері жүрек-қан тамыр ауруларына шалдыққан екен. Қария ұзақ уақыт төсекке таңылғандықтан тізелері бүгіліп, жүруден қалыпты. Содан бері ұлы анасын сыртқа көтеріп шығарады.

«Менің анам жүре алмайды, сөйлей алмайды. Қолымнан бар келері көтеріп жүру ғана. Сонда анам өзін қауіпсіз сезінеді. Кейде қолымен менің қолымды ұстайды», — деген Чжан анасы сөйлей алмаса да, оның қамқорлығын сезетініне сенімді.

Азамат анасымен бірге. Фото: reactor.inform.kz

Анасының осы болмашы қимылдарының өзі Чжанның анасына еркелеп өткізген бала күнін есіне түсіреді екен. Чжан пошта қызметінде жұмыс істейді. Оған күніне 23 филиалды тексеру міндеті жүктелген. Десе де, ол анасына қарауға, күтім жасауға уақыт табады.

Exit mobile version