Site icon KAZAKBOL

Антарктида өзенінің видеосы жарияланды(видео)

АҚШ, Италия және Оңтүстік Корея ғалымдары тобы Антарктидадағы қайраң мұздықтарының опырылып құлауы судың өзен арқылы ағысына кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді. Бұл тақырыпқа арналған баяндама Nature журналында жарияланды. Ал, өзен мен 130 метрлік сарқырама бейнеленген видео EurekAlert сайтында жарияланған.

Сарапшылар Антарктида мұзының үстінен қысқа мерзімді жаз айларында еріген қар суының үлкен дренаждарын байқаған. Зерттеушілер мұндай құбылыстардың болып жатқанын алдын ала білген. Алайда, өз көздерімен көрген кезде қатты таң қалғандарын жасырмайды. Анықталған дренаждардың көпшілігі бұрыннан пайда болған, бірақ олардың болу фактісінің өзі қызығушылық тудырады. Зерттеушілер мұндай жүйелер теңіз суы деңгейінің апатты жағдайда көтерілуіне алып келуінен қорқып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Антарктиданың Росса теңізіндегі мүйісте жасыл мұз пайда болғаны туралы хабарланған болатын. Мұзда мұндай ерекше түс беріп тұрған су бетіндегі фитопланктондар санының көптігімен түсіндіріліп, мұндай жайт Батыс Антарктидада кеңінен таралғаны белгілі болған еді.


Видео: Won Sang Lee/Korea Polar Research Institute

Айдар ЖАНАЙ

Exit mobile version