Site icon KAZAKBOL

AP: АҚШ Украинаға Донбасс бойынша бірқатар келісімге келуді ұсынады

Құрама Штаттар Украинаға ресейлік жікшілдер қолдаған бірқатар аймақтарға белгілі бір деңгейде автономия беруді сұрайды. Бұл туралы Associated Press АҚШ әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Материалда айтылғандай, Вашингтонның алдында күрделі мәселе тұр – бір жағынан Украинаны Донбасста бірқатар шегінуге баруға көндіру керек болса, екінші жағынан бұл Ресей лидері Владимир Путиннің жеңісі ретінде есептеліп қалмауы керек.

АҚШ-тың Киевтегі бұрынғы елшісі Стивен Пайфердің айтуынша, Донбасста денсаулық сақтау, білім беру және құқық қорғау органдары саласына өзін-өзі басқару ұсынылуы мүмкін.

AP агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап, Украина Донбасс аймағының тіл және мәдени өзгешеліктерін есепке алуға дайын. Бірақ олардың жалпы ұлттық шешімдерді қабыл алуда вето қою құқығына ие болуына қарсы.

Украина құрамында Донецк пен Луганс облыстарынан бірқатар аймақтарына ерекше мәртебе беру 2015 жылы құрылған Минск келісімінде қаралған. Бірақ ол әлі атқарылмай келеді. АҚШ бұл келісімге қатысқан емес, бірақ оны қолдайтынын білдіріп келеді.

Источник

Exit mobile version