Site icon KAZAKBOL

Қаражаттан қысылған қазақ қыздары «қалталы спонсор» іздеуге кірісті

Фото: arnusha.ru

Дағдарыстан қиын қаржылық жағдайға түскен қазақ қыздары арасында «қалталы спонсор» іздейтіндер көбейіп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Нәзік жандылар қаржылай көмек жасайтын қалталы азаматтармен көңілдес болуға әзір екенін «Казах.ру» халықаралық серверінде ашық жазуға кіріскен.

«Білімді, жетістікке жеткен қалталы ер адамды іздеймін. Сараң емес, писхикасы орнында, жасы отыздан асқан, маған қолдау көрсететін азамат керек. Екінші әйел, дос, көңілдес болуға әзірмін. Жасым 24-те, шашым ұзын. Түрім келісті, өзіме күтім жасап келген арумын. Қазақпын. Сараң, кедей және семіз адамдардан мазаламауларын сұраймын. Поштама жазыңыздар. Алматы», — деп жазған Сабина есімді қолданушы.

Скриншот

«Жасым 21-де. Сұлу әрі білімді бойжеткенмін. Денсаулығымда кінәрәт жоқ. Жеңіл жүрсті емеспін. Астанада тұрамын. Мені асырауға дайын жасы 35-тен асқан ер адамды іздеймін. Отбасылық құндылықтарды құрметтеймін, сол себепті үйленген болсаңыз, жеке өміріңізге аралспаймын. Қазіргі уақытта ақшадан қысылып отырмын. Менің мәселелерімді шешіп берсе, көңілдес болуға әзірмін. Көп сөйлемей, сөзін іспен дәлелдейтін нағыз еркек керек», — деп жазған Зами есімді өзге бойжеткен.

Осындай іспеттес 100-ден астам хабарлама қалдырғандар арасында арулардан бөлек, ақшаға көңілдес алуға әзір ер азаматтар да бар.

«Эскортта болмаған сұлу қызды іздеймін, білім, пәтер, шетелде шопинг жасау мүмкіндіктерін беру мен үшін қиындық тудырмайды», — деп жазған Марат есімді қолданушы.

Арулардың бірі мұндай қадамға қымбат көлік немесе пәтер алғысы келгендіктен барып отырғанын жазса, енді бірі қаржылай қиындықтың зардабынан баруға тура келгендігін алға тартқан.



Exit mobile version