Site icon KAZAKBOL

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшылығы өзгергенін мәлімдеді

«АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) компаниясы 30 қарашада әлеуметтік желілердегі ресми парақшасы арқылы басшылығы өзгергенін мәлімдеді. Бұл өзгерістерді компания «уақытша» әрі «маңызды» деп атап өткен.

Бұл мәлімдеме компанияға тиесілі Ленин шахтасында бірнеше адамның қазасына себепші болған жарылыстан кейін, үкімет комиссиясының бас директор Биджу Наир мен көмір департаменті директоры Джелсон Батисті кінәлі деп танығаннан соң жарияланып отыр.

АМТ мәліметінше, Биджу Наирдың орнына Владимир Яблонский, ал Джелсон Батистің орнына Виктор Гафиулов тағайындалған. Алайда бұрынғы басшылық компания құрамында жарылыс салдарын жою мақсатында кеңесші қызметін атқара бермек.

Осының алдында қазақ билігі компания басшылығындағы 26 адамға қылмыстық тергеу жүріп жатқан кезде, елден шығуға тыйым салынғанын мәлімдеген. Бірақ олардың ешқайсына тікелей қылмыстық іс қозғалмаған.

3 қараша түнде компанияның Шахтинск қаласында орналасқан Ленин атындағы шахтасында метан газы тарап, жарылысқа себеп болды. Апаттан бес адам қаза тауып, төрт кісі ауруханаға түсті: олар газдан уланған, басы мен денесі жарақаттанған.

Источник

Exit mobile version