Site icon KAZAKBOL

Қартаюға қарсы дәрінің қатерлі ісікті де емдейтіні анықталды

Көрнекі фото: www.segodnya.ua

Канадалық ғалымдар метформин препараты сүт безі қатерлі ісігінің де алдын алуға көмектесетінін анықтады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мамандар MCF7 рак клеткаларына метформиннің қалай әсер ететініне бақылау жүргізген. Нәтижесінде ол клеткалардың пролиферациясына кедергі жасаған.

Олардың болжауынша, метформинді қатерлі ісіктің алдын алатын емдеу құралы ретінде қарастыруға болады.

Ғалымдар препаратты қабылдағаннан кейінгі терапиялық әсерін бағалауды жоспарлап отыр.

Емделушілерге метформинді 2-ші деңгейлі қант диабетінде тағайындайды.

Exit mobile version