Асқар Ақаев. Фото: sn.kz
«Мына топтағы адамдардың бәрі милицияны, ұлттық гвардияны, менің қызметкерлерімді соққыға жықты, намысын таптады. Осы уақытта менімен де, оппозициямен де байланыста болған бір адамдар маған қауіп төніп тұрғанын айтты. «Сіз елден кетуіңіз керек. Егер мыналардың қолына түссеңіз аман қалмайсыз» деді олар», – деп жазды Ақаев өзінің Instagram-парақшасында.
Естеріңізге салайық, Қырғызстанды 15 жыл билеген Асқар Ақаев 2005 жылғы төңкерістен кейін елден қашып кеткен болатын. Қазір ол Мәскеуде тұрып жатыр, сол қалада жұмыс істейді деп жазады Zanoza.kg порталы.