Site icon KAZAKBOL

Ашғабадта тонаушылар бір отбасын өлтіріп кеткен

Иллюстративное фото: sputnik.kg

Ашғабадтың Хитровка ауданында 15 наурызға қараған түні бір отбасы кісі қолынан қаза болды. Жұбайлар мен олардың 11 жастағы ұлын өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды.

Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлағандай, отбасы мүшелерін үй тонаушылар өлтірген. Үйінің итін де өлтіріп кеткен.

25 және 27 жастағы күдіктілер бас қалаға басқа аймақтан келген.

Марқұмдардың көршілері сол күні пәтерден шу шыққанын, бірақ дереу полиция шақырылмағанын айтқан.

Тағы бір дереккөзге қарағанда, күдіктілер марқұмдардың үйін жөндеуден өткізген. Олар берген сомаға наразы болған.

Тонаушылар марқұмдардың телефондарымен қоса, үйіндегі бағалы заттардың бәрін алып кеткен. Сол телефондардың негізінде құқық қорғау қызметкерлері бірнеше сағаттан кейін күдіктілерді қолға түсірген.

Түркіменстанда соңғы бірнеше жылдан бері тонаушылар мен кісі өлтірушілер көбейгені айтылады.

Источник

Exit mobile version