Site icon KAZAKBOL

Ашғабад дүкендерінде нан тапшылығынан жанжалдар көбейген

Люди ждут начала продажи хлеба в государственном магазине по цене 1 манат 20 тенге. Ашхабад. февраль 2022 г.

Түркіменстанда нан тапшылығынан дүкендерде жанжалдар көбейіп, көбі төбелеспен аяқталып жатқан оқиғалар артты.

9 ақпанда Ашғабадтағы мемлекеттік дүкендердің бірінде кезекте тұрған адамдарға нан жетіспей қалып, соңы төбелеспен аяқталған. Ғимарат терезесі сынған. Сол күні таңғы сағат 4-тен бастап кезекте 100-ден астам адам тұрған.

«Ертемен келген адамдардың көбіне нан жетпей қалды. Наразылық білдіргендер терезені шақты. Мемлекет мүлігіне зиян келді», — деді куәгерлердің бірі.

Дүкен қызметкерлері топталған адамдарды тарқату үшін полиция шақырған.

Түркіменстанның мемлекеттік дүкендерінде нан үкімет белгіленген бағада – 1,2 манаттан сатылады. Бұл Орталық банктің бағамы бойынша 0,34 доллар. Бір адамға үштен артық нан берілмейді. Коммерциялық дүкендерде нан бірнеше есеге қымбат.

Источник

Exit mobile version