Site icon KAZAKBOL

Ашғабадта артық нан сатып алғандар 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін

Ашхабад (иллюстративное фото)

Түркіменстан дүкендерінде ұн мен нан жетіспеушілігінен, бір адамға артық нан сатпау үшін бақылау күшейтілген.

Азаттықтың түркімен қызметінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары өкілдері дүкендердегі кезекті видеоға түсіріп тұрады.

«Олар рұқсат етілген нормадан тыс нан сатып алғандарды 15 тәулікке қамаймыз деп ескертіп жатыр», — деген Ашғабад тұрғыны.

Мемлекеттік дүкендерде бір адамға 2-3-тен ғана бөлке нан беріледі. Жеке дүкендерде бір таба нан 5-10 манат тұрады, ал мемлекеттік дүкендерде бір бөлке нанның бағасы 60 теңге.

Түркіменстан халқы соңғы бірнеше жылдан бері экономикалық дағдарысты бастан өткеріп келеді.

Источник

Exit mobile version