Site icon KAZAKBOL

Ашғабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті

28 қарашада Түркіменстан астанасы Ашғабад қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) XV саммиті өтті.

Оған Қырғызстан, Әзербайжан, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстанның мемлекет басшылары қатысты. Қазақстан атынан елдің премьер-министрі барды. Саммитте күн тәртібінде басты тақырыптардың бірі Ауғанстандағы ахуал талқылағанына қарамастан, оған бұл өлкеден ешкім бармады.

27 қарашада Ашғабадта аталған ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің жиыны да өткен.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы Түркия, Иран және Пәкістан елдерінің қатысуымен құрылған. Бүгінде бұл ұйымға Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан және Түркіменстан мүше.

Источник

Exit mobile version