Site icon KAZAKBOL

Ашғабадта төрт ай үзілістен кейін базарлар қайта ашылды

Рынок "Алтын Асыр", Ашхабад (иллюстративное фото)

Ашхабадта төрт айлық үзілістен кейін 18 желтоқсаннан бастап базарлар қайта жұмыс істей бастады.

Алайда базарда коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтамасы бар саудагерлер ғана жұмыс істей алады. Бірқатар базарларда арнайы медициналық орындар құрылып, саудагерлер 100 манаттан тест тапсыруға мәжбүрленіп жатқаны айтылады.

«Базар ашыла салысымен мемлекеттік мекемелердің өкілдері келе бастады. Салық салушылар барлық тауардың бағасы көрсетілмеген, кассалық аппараттар жоқ деген сияқты түрлі сылтаумен саудагерлерден 200 манаттан жинап алып жатыр»,- деп шағымданады сауда жасаушылар.

Олардың айтуынша, бұдан бөлек базарға Санитарлық-эпидемологиялық станция қызметкерлері де келген. Ал сауда министрлігінің өкілдері мен базар басшылығы саудагерлерден 200 манаттан (ресми бағам бойынша 57 доллар) жинап беруді талап еткен.

«Мұнымен қоймай, бірқатар тауарларды төмендетуді талап етіп жатыр. Мысалы, біз 60 манаттан алып келген тәттілерді 25 манаттан сат дейді. Бұдан бөлек шұжықтың келісін 38 манаттан, шоколадты 60 манаттан жоғары бағаға сатпа деген бұйрық келді»,- дейді саудагерлер.

Өлкеде коронавирус жоқ деп келген түркімен билігі тамыз айынан бері Ашғабадта базарлар жұмысына тыйым салған.

Источник

Exit mobile version