Site icon KAZAKBOL

Ашғабадта таксистерге жаңа ереже енгізілді

иллюстративное фото

Ашғабадта такси жүргізушілеріне жаңа ереже енгізілді.

Жаңа ереже 6 мамырда көлік құрылымы өкілдерімен өткен жиналыс кезінде жарияланған.

Атап айтқанда, қалада көлік қозғалысының жылдамдығы сағатына 70 шақырымнан аспауы тиіс. Жеңіл көлікте үш адамнан артық отырмауы тиіс. Көліктің алдыңғы орындығына әйелдерге отыруға тыйым салынады. Көлікті тыйым салынған белгілердің жанына тоқтатуға болмайды.

Бұдан бөлек жеке көлігімен жолаушы тасыған жүргізушілерге айыппұл салынып, 15 тәулікке дейін қамауға алынатыны ескертілген.

Источник

Exit mobile version