7 желтоқсан күні бейтаныс адамдар ашхабадтық жануарларды қорғаушы Галина Кучеренконың үйінің есігін бұзып кірген. «Түркіменстанның балама жаңалықтары» басылымының хабарлауынша, үйге басып кірген адамдар белсенді мен оның қызы Валерияны алып кеткен.
Соңғы ақпаратқа қарағанда, күннің екінші жартысында Валерия Кучаренконы босатқан. Бірақ Галина Кучеренконың қайда екені белгісіз. Бейтаныс адамдар есікті бұзып жатқанда, Галина Кучеренко құқық қорғаушы Наталья Шабунцқа хабарлап үлгерген.
Шабунц бұл жайында дереу БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Аймақтық орталығына хабарлаған. Шабунц Кучеренко үйінің есігінің алдынан полиция көлігін көрген. Бірақ полиция қызметкерлері бұл оқиғадан хабарымыз жоқ деген.
Галина Кучеренко әлеуметтік желілерде құқық қорғау органдары қызметкерлерін үй жануарларын жаппай өлтіріп жатыр деп сынап келген.