Site icon KAZAKBOL

Ашуға булыққан әке туған ұлын тірідей өртеп жіберді

Көрнекі фото желіден алынды

Өзбекстанның Ферғана облысы Олчин ауылының 51 жастағы тұрғыны 27 жастағы баласының үстіне бензин құйып өртеп жіберді.

Күдікті құқық қорғау органы қызметкерлерінен тығылып қалған. Ұлының денесінің 70 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер оның жағдайын мүшкіл деп отыр.

Куәгерлердің айтуларына қарағанда, әке мен бала арасындағы жанжал автокөлікке байланысты туған.

«Әкесі баласынан көлігін бере тұруын сұраған. Бірақ баласы көлік өзіне керек екендігін айтқан. Бұл отбасында бір ғана көлік бар еді. Сол кезде әкесі бензинмен баласын өртеп жіберген», — деді ол.

Ферғана облысы құқық қорғау органы қызметкерінің хабарлауынша, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Өзбекстанда осы тәріздес қылмыстар жиі тіркеледі.

Nur.kz

Exit mobile version