Site icon KAZAKBOL

Ашуланған түйе өз иесінің қолын шынтағына дейін жұлып алды

Түйе. Көрнекі сурет: inform.kz

Мәскеу маңындағы фермада түйе өз иесіне шабуыл жасап, қолын шынтағына дейін тістеп, жұлып алған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Mash телеграм-арнасы хабарлағандай, 42 жастағы Степан қазір жергілікті аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әзірге оның қолын қайта тіге алмаған.

Ал мамандар түйе фермасында өмір сүріп жатқан жануарды не істеу керектігін анықтауда.

Exit mobile version