Site icon KAZAKBOL

«АСТАНА БІЗДІКІ» ДЕГЕН ЖІГІТТЕР ТҰТҚЫНДАЛДЫ

«Астана біздікі», «барлығын қырып саламыз» деп, қоғамды дүрліктерген қарулы жігіттер қолға түсті. Өткен жетіде былапыт сөздермен бүкіл Қазақстанға бейнежазба «сәлемдеме» жолдағандарды полиция тұтқындады. Арнайы операция кезінде видеодағы жігіттер белгісіз пәтерден табылғаны көрсетілген. Құзырлы органға сенсек, басты кейіпкер күні бүгінге дейін түрмеде отыруы керек екен. Алайда, заңның бостығын пайдаланып, ол мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Бұл өткен аптада жарияланып, қоғамның шамына тиген бейнежазба. Онда белгісіз бір жігіт «Астана біздікі» деп лепіріп, бірнеше қаруын видеоны түсіріп отырғанға кезейді. «Аллаху акбар» деп алып, сол мезетте былапыт сөйлеген оны қасындағы

сыбайласы да қолдап, «артық сөз айтпаңдар, қырып саламыз» деп «сәлемдеме» жолдайды. Елді шошытқандарды бірден құзырлы орган іздеуге кірісті. Араға екі күн өткенде елордалық полиция оларды қолға түсірді. СОФЬЯ ҚЫЛЫШБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-ші бабымен қылмыстық ісі жүріп жатыр. Тиісті шаралар жүргізілуде. Бұл бап — заңсыз қаруды сақтау, алып жүру. Сонымен қатар, оы видеоны түсірген мен жүргізушісі де анықталды». Видеодағы «басты кейіпкер» бұған дейін де бірнеше сотталған болып шықты. Жасы 24-те екен. Ол 2017 жылы кезекті рет «бұзақылық пен өзгенің мүлкіне зақым келтіргені үшін» 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Дегенмен, рақымшыллыққа ілігіп, мерзімінен бұрын босап шыққан. Пробациялық бақылаудағы азамат өзінің қателігін толық түсінбегендей. СОФЬЯ ҚЫЛЫШБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Қазіргі сотқа таңда оның бостандығын шектеу шарасы бас бостандығынан айыру ауыстыруға ұсыным беріп отыр» . Қолға түскен күдіктінің кінәсі анықталса, ол 1300 доллар айыппұл төлеуі мүмкін немесе қоғамдық жұмыстар мен 50 күнге дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Күдіктілердің қаруды қайдан алғаны жайлы да тәртіп сақшылары тіс жарып ештеңе айтпады. Тек тергеу жүріп жатыр дегнемен шектелді.

Первый канал Евразия

Exit mobile version