Site icon KAZAKBOL

Астана соты суретші Дәурен Макинге шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырды

Астана қалалық соты «терроризмді насихаттау» айыбымен жеті жылға сотталған суретші Дәурен Макинге қарата шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Қылмыстық істер бойынша қалалық сот 2021 жылы Макиннің сөздерін диктофонға жаздырып алған екі адам бұл қадамға қысыммен әрекет еткізгені бойынша адвокаттардың уәждерін есепке алмаған.

Апелляциялық алқа осыған дейінгі экспертизалардың «бір-біріне қарсы келетіні» бойынша дәлелдерді де қолданбаған.

«Филологиялық, саяси, теологиялық және діни сараптама бар. Бұлар бір ғана айтылған сөз бойынша жүргізілмеді. Сараптамалар 2018 жылдан 2022 жылға дейін айтылған сөздер бойынша жүрген. Мұның бәрін бірінші сатыдағы сот тексерген», — деді судья.

Адвокат апелляциялық арызда аудандық сот үкімін жойып, Дәурен Макинді толық ақтауды сұраған.

Адвокат Макинге қарсы қылмыстық іс қозғауға оның Қаңтар оқиғаларын көрсететін эскиздері де түрткі болған деп есептейді.

47 жастағы Дәурен Макин шығармаларында ұлттық және тарихи тақырыптар басым. Оның суреттері Алматы және Астана қалаларындағы орталық музейлерге қойылған. Еңбектерінің арасында Ресейдің Украинаға басып кіруіне бейнелейтін суреттері де бар.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Макинге қарсы қылмыстық іс саяси негізде қозғалған деп есептейді. Олардың айтуынша, оған суретшінің әлеуметтік желілерде саяси және басқа тақыптардағы мәлімдемелері де себеп болған.

Exit mobile version