Site icon KAZAKBOL

Астана тұрғыны «Нұр Отан» мен мүфтиятты біріктіруді ұсынды

«Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігін, яғни мүфтиятты біріктіріп, жаңа ұйым құруды Астана қаласының тұрғыны Азамат Көшенов ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеген деп жазады Скифньюс интернет-порталы.

Бұған дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Ақтауға барып, жергілікті тұрғындармен діни тақырыпта әңгімелескенінен хабардармыз. Ақтөбедегі лаңкестік оқиғалардан кейін әулиелі Маңғыстау жерінде болып, салафизм мен дәстүрлі исламның аражігін ажыратып берген Құл-Мұхамед өзінің саясаттан ғана емес, діннен де жап-жақсы хабары бар екенін көрсетті.

«Нұр Отан партиясы мен муфтиятты біріктіріп, Иран моделін алып, Құл-Мұхаммедті рухани басшы сайлайық. Мемлекет қаржысын үнемдейміз, діни ахуалды реттейміз…», — делінген Көшеновтың жазбасында.

Ал, «Нұр Отан» партиясының әуел бастағы миссиясы жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру болатын. Алайда, елімізде парамен ұсталып жатқан жемқорлардың көбі дәл осы «Нұр Отан» партиясының мүшелері.

Бәлкім, екі ұйым біріксе, пара алуға иманы жібермейтін шенеуніктер көбейіп, елдегі қылмыс саны да азаяр. Ендеше, біздің реформа жүргізуге құмар үкіметтің құлағына алтын сырға дейміз.

Exit mobile version