Site icon KAZAKBOL

Астанада бір топ көлік ұрлаушы ұсталды

Олар айдап әкеткен көліктің қосалқы бөлшектерін көлік базарында немесе ТҚКС арқылы сатқан.

Астана ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері жедел іздеу шаралары барысында автокөліктерді айдап әкетумен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайдыsputniknews.kz ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Күдіктілер 20-27 жас аралығындағы Астана тұрғындары, бұдан бұрын сондай қылмыс үшін сотталған.
Күдіктілер «ВАЗ» және «ГАЗ» маркалы көліктерді ұрлаған. Күндіз көлікті бақылап, дабыл жүйесі бар жоғын анықтап, түнде айдап әкетеді екен. Ұрланған көлікті ұсталғандардың бірінің жеке үйінде бөлшектеп, көлік базарлары мен ТҚКС арқылы сатып отырған.
Қазір ұсталғандар уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: sputniknews.kz
Exit mobile version