Site icon KAZAKBOL

Астанада Ресейде іздеудегі тулалық белсенді ұсталды

Астанада Тула белсендісі Андрей Павлов ұсталды. Ресейде ол «армияның беделін түсірді» деген айыппен іздеуде жүрген. Бұл жөнінде «Точка невозврата» жобасы хабарлады.

Астана полиция департаменті бұл жайында пікір білдірмеді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, Павлов үш тәулікке қамалған. Оған Адам құқығы жөніндегі қазақстандық бюро көмектесіп жатыр. Павлов тергеу абақтысында саяси баспана сұраған. Ол Қазақстанға былтыр желтоқсан айында келген екен. Ол екінші топтағы мүгедек дейді құқық қорғаушылар.

2022 жылдың наурыз айында Павловқа орыс армиясының беделін түсірді деген айыппен 40 мың рубль айыппұл салған. Сот шешіміне сәйкес, ол сыртқы киіміне украин жалауы белгісін тағып, «Путин stop war» деген жазу жазып алған.

Тамыз айында оған қылмыстық іс қозғалған. Ресейлік «ВКонтакте» желісіне ол Украинадағы соғысты сынап жеті материал шығарған. Ол сонымен бірге шілдеде «Соғысқа жол жоқ! No war! Ні війні!» деген жазумен қарсылық пикетіне шыққан. Оған сырттай айып тағып, іздеу жарияланған.

Былтыр қыркүйек айында Қазақстан халықаралық іздеудегі ресейліктерді ғана ұстап береміз деп мәлімдеген. Алайда жергілікті билік Мәскеу сұрауы бойынша бурят журналисі Евгения Балтатарова мен анархист Денис Козак (ол қазақстандық тергеу абақтысында кемінде бір жыл отырады).

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Қазақстанға 80 мыңнан астам ресейлік келген.

Источник

Exit mobile version