Site icon KAZAKBOL

Астанадағы ӘЧ: Назым Қызайбай польшалық қарсыласын тізе бүктірді

Назым Қызайбай

Астанада әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатының үшінші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық әлем чемпионы Назым Қызайбай польшалық қарсыласы Анджелика Гронсктан басым түсті.

Отандасымыздың дөп тигізген соққыларынан польшалық боксшының мұрнынан қан кеткен.

Аренаға жиналған халық жерлесімізге төрт раунд бойы қолдау көрсетті.

Төрешілер Назымның жеңіске жеткенін жариялағанда, залдағы жанкүйерлер «Қазақ елі осындай» әнін шырқады.



Exit mobile version