Site icon KAZAKBOL

Астанада жас жігіт жұрттың көзінше өзін өлтірмек болды

Фото: Казинформ

Қоғамдық жерде өзін өлтірмек болған жігітті полицейлер құтқарып қалды.
Астанада жас жігіт «Ailand» отбасылық демалыс орталығының жанында суицид жасамақ болды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорданың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі сағат 17 шамасында болды. Жұрттың көзінше өз-өзіне қол салмақ болған жігіт ешқандай талап қоймаған. Оқиға орнына полиция жасағы мен жедел жәрдем келіп жетті.

«Жігіттің үстіндегі жанған киімі бірден сөндірілді. Аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның неге суицид жасамақ болғаны анықталуда», — деп хабарлады полиция.
Қолы мен мойны күйіп қалған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Exit mobile version