Site icon KAZAKBOL

Атамбаев қырғыз халқынан кешірім сұрады

Алмазбек Атамбаев. Фото: akipress.org

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өзі президенттік еткен жылдардың қорытындысын шығарып, бәрін жасап үлгермегеніне кешірім сұрады. Ол жағдайдың ауыр болғанын еске алды деп хабарлайды Centralasian.org.

Атамбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қырғызстан «ілгері басты»: Бұрындары үнемі көштің соңында жүретін.

«Мен сіздерге осы уақыт аралығында маған сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Бішкек тұрғындарына рахмет. Олар әрдайым мені қолдап жүреді», — деді ол.

Атамбаевтың президенттік мерзімі 2017 жылы 1 желтоқсанда аяқталады. Елде президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Конституция бойынша, президент алты жыл мерзімге бір мәрте ғана сайлана алады.

Exit mobile version