Site icon KAZAKBOL

Атамбаев: Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылғаны өте дұрыс болды

Алмазбек Атамбаев. Фото: ztb.kz

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өз елінің Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіргені ең дұрыс шешім болды деп мәлімдеді.

Бұл туралы ол бүгін Бішкекте Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде айтты деп хабарлайды Азаттық.

Атамбаевтың сөзінше, Қырғызстан ЕАЭО-ға кірген соң екі ел арасындағы қарыс-қатынас бұрынғыдан жоғары деңгейге көтерілген.

«Мен екі ел бұдан ары да стратегиялық одақтас және әріптес болып қала беретініне сенімдімін. Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуымен біздің қарым-қатынасымыз енді бұдан да жоғары деңгейге өтті. Ресей президенті Владимир Путинге біздің елдегі осындай өтпелі қиын кезеңде қолдау мен көмек көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді», — деді Атамбаев.

Ол Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуын да дұрыс деп бағалайтынын білдірді.

«Біз барлық өсекке ерегіскенде өте дұрыс істедік. Мен ЕАЭО-ға кіру — ең дұрыс жол болды деп ойлаймын. Жыл соңына дейін ағайын бауырлас Ресейдің көмегімен біз ЕАЭО-ға толық кіруге қатысты қалған мәселелерді шешетінімізге сенемін. Кейбір ұсақ кедергілер мен бөгеттер жойылады. Біздің бүгінгі кездесуіміз, бейнелеп айтқанда ынтымақтастықты дамытудағы ары қарайғы қадамдарымызды анықтайды», — деді Атамбаев.

Exit mobile version