Site icon KAZAKBOL

Атбасарда кәріз құдығынан нәрестенің мәйіті табылды

Канализационный колодец. Иллюстративное фото с сайта medialenta.ru

Мәйітті коммунальдық қызметтің жұмысшысы тауып алған, «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Атбасар қаласында кәріз құдығынан өлген нәресте табылды, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан  ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Атбасар АІІБ кезекшілік бөліміне 7 ақпан күні сағат 11.50-де «Атбасар Су Арнасы» МКК жұмысшысынан хабарлама түскен.

«Жұмысшы Атбасар қаласының кәріз құдығында монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде қыз баланың мәйітін тауып алған. ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама белгіленді»,- деп хабарлады ІІД.
Полиция атап өткендей, аталған қылмысты ашуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Exit mobile version