Site icon KAZAKBOL

Қатерлі ісікке шалдыққан қыздың бір түйір кірпігі қалды (фото)

7 жасар Хейди. Фото: open.az

Австралиядағы 7 жасар бүлдіршін қыздың оқиғасы бүкіл әлем тұрғындарының жүрегін елжіретті. Қатерлік дертке ұшыраған Хейлидің химиялық терапиядан кейін бір түйір кірпігі ғана қалған.

Актер әрі комик Эндрю Браун қызы Хейлидің ракпен ауыратынын осы жылдың маусымында білген. Қыздың мұрнындағы ісіктің диаметрі 5 сантиметрге дейін өсіп кеткені ата-анасының жанына батады.

Бүлдіршінге 8 айлық химия терапия курсы тағайындалады. Бұл емдеу тәсілдері өте қымбат еді, сондықтан Эндрю қызы үшін қойылымдар қойып, содан түскен ақшаны емге жұмсаған.

Алайда, ата-анасының емге жинаған ақшасы қызының толықтай айығуы үшін жетпей қалады. Осыдан соң, олар химиялық терапиядан кейін жалғыз түйір кірпігі қалған қызының суретін салып, желі қолданушыларынан көмек сұрады.

«Ауырғанға дейін Хейдидің кірпіктері өте ұзын еді. Оған барлығы қызығатын. Ол қазір өзінің бір түйір кірпігі қалғанын білмейді», — дейді Хейдидің әкесі.

Ал бүлдіршіннің анасы Лея болса, әлгі жалғыз түйір кірпіктің шыдап тұрғанына екі апта болғанын айтады.

Осы суретті көрген ғаламтор қолданушылары бірнеше күннің ішінде қажетті соманы жинап берді. Ата-анасының қуанышында шек жоқ. Алайда, Хейдіді әлі екі химия терапия және бес апталық сәуле терапиясы күтіп тұр. Бірақ дәрігерлер бүлдіршіннің бәрін жеңіп шығатынына сенімді.

Nur.kz

Exit mobile version